Шымкенттік полицейге 10 мың теңге пара бермек болған тұрғын жауапкершілікке тартылды

0
1 073

Полиция қызметкері парадан бас тартқан.


Шымкенттік полицейге 10 мың теңге пара бермек болған тұрғын жауапкершілікке тартылды

Тәртіп сақшысына пара бермек болған шымкенттік заң алдында жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

18 маусым күні Шымкент қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершіліктен сытылып кету үшін полиция қызметкеріне 10 мың теңге сыйақы бермек болған. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Жаппаров Ерлан Артықұлы өзіне ұсынылған парадан бас тартқан.

Шымкент қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 367 бабы, "пара беру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр.