​Шымкенттік полицейлер оқушылармен кездесті

0
513


​Шымкенттік полицейлер оқушылармен кездесті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел криминалистика басқармасының қызметкерлері мен Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, оқушыларға есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары туралы ескерту жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу кезінде мамандар оқушыларға есірткінің, зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлерін айтып, жастарға тура жол сілтеді. Сондай-ак, мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелерін бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Бөлісу