Шымкенттік шенеуліктер жалақыларын жария етуде

0
796

Алғаш болып жалақыларынан хабардар еткен Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 680 мың теңге алатындығын хабарласа, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 550 мың теңгені құрайтындығын жеткізді.


Шымкенттік шенеуліктер жалақыларын жария етуде

Шымкентте «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында басшылар айлығын ашық айтып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акция «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың басшыларын парасаттылық және ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру болып табылады.

- Акцияны мемлекеттік органдар басшыларымен қатар, спорт, денсаулық сақтау, білім саласының жетекшілері қолдап, жалақыларымен қатар жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан да хабардар етуде. Акция қорытындысымен мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығына баға берілетін болады, - дейді «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар.

«Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында алғаш болып жалақыларынан хабардар еткен Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 680 мың теңге алатындығын хабарласа, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 550 мың теңгені құрайтындығын жеткізді.

  • Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов - 546 000 теңге.
  • Еңбек,әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының м.а. Төрехан Дауытов - 246 000 теңге.
  • Әл-Фараби ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бағдаулет Ашенов -153 000 теңге.
  • Көркем гимнастикадан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Әлия Жүсіпова - 250 000 теңге.
  • Диагностикалық орталығының директоры Шолпан Мырзахметова 330 000 теңге.
  • №1 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Талғат Шауенов - 200 000 теңге.
  • «Дарын» орталығының директоры 210 000 теңге алатындығын жариялады.

- Алдағы уақытта басқа да мемлекеттік мекемелердің басшыларының айлық жалақыларымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстарымен таныстыратын боламыз, - дейді Ж.Қамбар.