​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

0
253


​ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚАЗАҚСТАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

Қазақстан құрамасындағы шымкенттік Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Karate Premier League турнирінің финалына шығып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Финалда ол Гран-при турнирінің қазіргі жеңімпазы, испаниялық Мария Торреске қарсы бақ сынады.

Кездесу тартысты өтті, жерлесіміз турнирдің күміс жүлдегері атанды және Қазақстанның абыройын асқақтатты.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі, жерлесіміз, 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қайсар Алпысбай халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды. Қола үшін тартыста Қайсар жапон спортшы Хашимотодан айласын асырып, турнирдің үшінші орнына табан тіреді.
Бұл нәтиже қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейде жоғары дайындық пен шеберлігін көрсеткенін тағы бір рет дәлелдеді.
Бөлісу