Дилбар Анарқұлқызы қаладағы №45 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныпта білім береді.
Шымкенттік мұғалімдер ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін жылдам игеріп, онлайн оқытуда республикада көш бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елімізде таралған індетке байланысты қашықтан білім беру жүйесі - BilimLand платформасында жалғасты. Онлайн оқытуда жаңашылдыққа икемділігінің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізген ұстаздар көп. Солардың бірі - Дильбар Нарметова.
Дилбар Анарқұлқызы қаладағы №45 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптарда білім береді. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, жаңалыққа жаны жақындығының арқасында қашықтан білім беруде BilimLand платформасында республикадада бірінші орынды иеленді.
Жас ұрпаққа білім беру жолында 12 жылдан бері аянбай еңбектеніп келген ұстаздың өз біліктілігін шыңдау жолында да бірқатар жетістікке жеткен. Прага қаласындағы халықаралық педагогикалық- ғылыми журналда еңбектері жарық көрді. 2019 жылы «Оқу мен тәрбие ісінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталған. Дильбар апай тәрбиелеген оқушылар «Пони» секілді халықаралық жарыстар мен «Алтын ұрпақ», «Алтын қыран» олимпиадаларында жеңімпаз болып келген.
Ол оқыту барысында оқушыларға сабақ түсіндіруде әртүрлі медодикалық әдістерді қолданады. Бұдан бөлек, ұстаздың балалардың ата-аналар мен қарым-қатынастағы ашықтығы бала тәрбиесінде оң нәтижесін көрсетіп келеді.