Шымкенттік жедел жәрдем қызметкерлері Республика бойынша үздік атанды

0
1 275

Республикалық сайыста еліміздің әр облыс, қаласынан келген командалар бақ сынаған


Шымкенттік жедел жәрдем қызметкерлері Республика бойынша үздік атанды

Елордада өткен жедел жәрдем бригадалары арасындағы сайыста шымкенттік медицина мамандары үздік атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласында кезекті жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелері командаларының IV республикалық жарысы өтті. Сайысқа Республика бойынша 17 команда қатысып, Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының бригадасы үздік атанды.

Нақтырақ айтсақ, жерлестеріміз сайыста түрлі жарақаттар, анафилактикалық шок, ЭКГ оқу, босану, жедел коронарлы синдром клиникалық өлім жағдайы бойынша 5 станциялық сыннан сүрінбей өтіп, білікті маман екендерін дәлелдеген.