Шымкенттіктер Арыс тұрғындарының алғысына бөленді

0
1 393

Арыстағы шымкенттіктер 3 ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.


Шымкенттіктер Арыс тұрғындарының алғысына бөленді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Арыс қаласына арнайы барып, өңір штабының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іссапар барысында Е.Айтаханов Шымкент қаласына тиесілі №10 сектордағы құрылыс жұмыстарын аралап көріп, Арыс тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар, олардың құрылысқа қатысты айтқан пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқаруды тапсырды. Ал, №10 сектор аумағындағы арыстық тұрғындар қала құрылысшыларының жұмыстарына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстары Президенттің жеке бақылауында тұрғанын айтып, үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу, қалпына келтіру үшін құрылысшылар 3 ауысыммен тәулік бойы жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, жалпы қалаға қарасты сектордағы 636 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары, өртенген және апатты деп танылған 37 үйдің орындарына жаңа үйлердің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта 225 үйді жөндеу аяқталса, 322 үйдің сыртқы жұмыстары біткен. Сонымен қатар, екі айдың ішінде жөндеуге келмейтін үйлердің орнына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.