Шымкенттің бас дәрігері қызына вакцина салдырды

0
433

15 жастағы Мерейге емхана мамандары Pfizer вакцинасын салды.


Шымкенттің бас дәрігері қызына вакцина салдырды

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қызы ковидке қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қызымен емханаға келген қаланың бас дәрігері жазбаша сауалнамаға жауап берді.

15 жастағы Мерейге емхана мамандары Pfizer вакцинасын салды. 10-сынып оқушысы ата-анасымен кеңесе келе екпе салдыруға шешім қабылдағанын айтады.
"Ата-анаммен келісіп, вакцина салдырдым. Осы екпе арқылы өзімді қауіпті вирустан қорғағым келеді" – дейді Мерей.
"Балаңызға вакцина салдырасыз ба деп көпшіліктен сауал келуде. Мен бұл сауалға "ия" деп жауап берген едім. Қызыммен сөйлесе келе вакцина салдырамыз деп шештік. Басқа ата-аналар да балаларының қауіпсіздігін ойласа деймін" – дейді Б.Позилов.
Айта кетейік, 15 қарашадан бастап Шымкентте Pfizer препаратымен егу жұмыстары жүргізілуде. Екпе алған азаматтарда бүгінге дейін теріс әсер байқалмаған. Олар бірнеше күн бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.