​"Скат" әуекомпаниясы мен қала әкімдігі өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды

0
1 457

«СКАТ» өз қаржысы есебінен көлемі 7 гектар жер теліміне әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жұмыстарын жүргізеді.


​

Бүгін Шымкент әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жобасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен «СКАТ» әуекомпаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тарқатып айтар болсақ, жаңа терминал құрылысы бірнеше кезең бойынша жүргізіледі. Ең әуелі «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ өз қаржысы есебінен көлемі 2,8 гектар жер теліміне жаңа терминал құрылысын жүргізеді. Сондай-ақ, «СКАТ» өз қаржысы есебінен көлемі 7 гектар жер теліміне әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жұмыстарын жүргізеді.

Ал, қала әкімдігі жол құрылысын және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысын абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

-Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанады. Біз оған дейін қаланың әуежай, вокзалдарын ретке келтіруіміз керек. Сондықтан, «СКАТ» әуекомпаниясымен келісіп, тез арада аталған терминал құрылысын бастаймыз, деді қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.

Шымкент республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылғалыотандық және шетелдік туристердың қатары арта түскен. Осы орайда, әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілетін арттыру үшін терминал салу қажеттілігі туындауда.

Сондықтан «СКАТ» әуекомпаниясы жеке инвестор ретінде жаңа терминалды өз есебінен салуға қызығушылық танытып отыр. Инвестиция көлемі 50 млн АҚШ долларын құрайды.