Телефон алып өтпек болған шымкенттік 20 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

0
953

Нұр-Сұлтан қаласында бүгін дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушы емтиханға жіберілмеді.


Телефон алып өтпек болған шымкенттік 20 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушы емтиханға жіберілген жоқ. Мұндай жағдайға ол 15 шілдеге дейін тест тапсыра алады, деп жазады 24.kz.

Бүгін республика бойынша белгіленген 161 пункттің 51-інде Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды. Биыл оқушыларға калькулятор қолдануға рұқсат берілді.

«Нұр-Сұлтан қаласында бүгін дене қызуы көтеріліп тұрған бір оқушы емтиханға жіберілмеді. Мұндай жағдайда олар 15 шілдеге дейін тест тапсыруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болды деген 3 оқушы тестілеуге жіберілмеген. Олар ПТР-тесттен өткен соң емтиханға кіреді. Сондай-ақ, Шымкент қаласында өзімен телефон алып өткісі келген 20 түлек тестілеуге жіберілмеді», - деп жазылған телеарна сайтында.