Шымқала қайтадан "қызыл" аймаққа кірді.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Қазақстанда өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәліметтерге сәйкес, Шымкентте эпидемиологиялық ахуал қайта нашарлады. Қала "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа қайта ауысты. Ал Солтүстік Қазақстан облысы, керісінше, "сары" аймақтан "жасылға" орын ауыстырды.
Шымкентте 18 мамыр күні КВИ-дің 81 жағдайы тіркелген. 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 59 адам үй бақылауына алынды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы кеше "сары" аймаққа ауысқан болатын.