Жұмыспен қамту орталығы шымкенттік жұмыссыз жастарды шақырады

0
1 684

Кез келген қатысушының қолына алатын жалақы мөлшері - 52 мың теңгеден жоғары.​


Жұмыспен қамту орталығы шымкенттік жұмыссыз жастарды шақырады

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жастар практикасына» қатысуға шақырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3 жылдың ішінде диплом алған, меңгерген мамандық бойынша жұмыс істемеген, ең бастысы жасы 29-дан аспаған жастар бұл бағдарламаға қатысып, тәжірибе жинақтауға толық мүмкіндік ала алады. Жастар практикасының мерзімі 6 айға созылады.

Бағдарламаға қатысу үшін Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі., №89 мекен-жайда орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, өтініш білдірулеріңіз қажет.

Ол үшін жеке куәлік, диплом және бар болған жағдайда еңбек кітапшасын алып келесіз.

Айта кетейік, «Жастар практикасына» қатысушылардың айлық жалақылары мамандықтарына қарамастан бірдей мөлшерде бөлінеді.

Жалпы қатысушының қолына алатын жалақы мөлшері - 52 мың теңгеден жоғары.