Абиба Әбужақынова Аустрия Гран Приін жеңіспен бастады

0
687

Қазақстан дзюдошысы 48 келіде алғашқы белдесуінде жапониялық Мизуки Харададан басым түсті.


Абиба Әбужақынова Аустрия Гран Приін жеңіспен бастады

фото: Сабау Габриэла

ERNUR.KZ. Дзюдодан Линцте басталған дзюдодан Гран Приі турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жарысты жеңіспен бастады, деп жазады ulyssport.kz.

Қазақстан дзюдошысы 48 келіде алғашқы белдесуінде жапониялық Мизуки Харададан басым түсті. Енді ол келесі айналымда Аустрия өкілі Жаклин Спрингермен белдеседі.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі) алғашқы айналымда жарысты аяқтаса, 60 келіде Талғат Орынбасар швейцариялық Дэвид Гоштан басым түсті.

Бұдан бөлек, 66 келіде Нұрмұхамет Ботабай неміс спортшысы Ноэль Шмидті қапы қалдырды.

Айта кетейік, Абиба жыл басталғалы бері енді екінші жарысына қатысып отыр.