Қазақстан бірінші АЭС үшін технология жеткізушілерін конкурстық іріктеуді аяқтады

0
251

АЭС салу жобасына арналған реакторлық технологиялардың ықтимал жеткізушілерінің "шорт-листі" жасақталды.


Қазақстан бірінші АЭС үшін технология жеткізушілерін конкурстық іріктеуді аяқтады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуға арналған технологияларды жеткізушілерді іріктеу аяқталды, деп жазады stan.kz.

Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінінің мәліметіне сенсек, АЭС салу жобасына арналған реакторлық технологиялардың ықтимал жеткізушілерінің "шорт-листі" жасақталды.

"Бұл тізімге ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясымен қатар, оңтүстіккореялық KHNP компаниясы, франциялық EDF және қытайлық CNNC компаниялары кірді", – деп мәлімдеді агенттік.

Қазақстан АЭС салу үшін технология жеткізушілермен бәсекелі диалог жүргізуді аяқтады.

"Жобаны іске асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім ұлттық мүдделер ескеріле отырып, Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданады", – деп атап өтті Атом энергиясы агенттігі.

Бұған дейін Энергетика министрлігі АЭС салу үшін консорциум құру туралы хабарлаған еді.

Еске салайық, энергетика министрлігі еліміздегі АЭС құрылысы шетелдік несиелер есебінен салынатынын жеткізді. Айтуынша, АЭС салуға Ұлттық қор мен зейнетақы қорындағы ақша жұмсалмайды. Ведомство жеткізушілерге АЭС салу жобасын қаржыландырудың түрлі нұсқасын ұсынатынын айтты. Яғни экспорттық несие мен халықаралық қаржы институттарын қаржыландыруды тартатынын атап өтті. Сонымен қатар атом электр станцияларын салу жобасын қаржыландырудың әртүрлі нұсқалары ұсынылмақ. Энергетика министрлігі 1 шілдеге дейін АЭС салатын компанияны анықтайды.