​Агуэро, Ди Мария және Маскерано құрама командадан кетеді

0
1 178

Сондай ақ, Лионель Месси мен Гонсало Игуаин де карьерасын аяқтауы мүмкін.


​Агуэро, Ди Мария және Маскерано құрама командадан кетеді

ERNUR.KZ. Әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрама командасының бірнеше футболшылары құрама командадағы карьерасын аяқтауы мүмкін.

TNT Sports LA журналисі Эрнан Кастильо, мундиалдан соң Маркос Рохо, Эвер Банега, Лукас Биглия, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария және Хавьер Маскерано Аргентина құрамасынан кетеді деген мәліметті жариялады. Сондай ақ, Лионель Месси мен Гонсало Игуаин де карьерасын аяқтауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Америка кубогының финалынан соң Месси құрама командадан кеткенін жариялаған болатын. Бірақ, 7 аптадан кейін Аргентина құрама командасына қайта оралған болатын.