Оларды полиция қызметкерлері ажыратып алды.
ERNUR.KZ. 23 қазан күні Оралда “Ақжайық” пен “Қызылжар” футбол командаларының кездесулерінен кейін ойыншылар арасында қақтығыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Оларды полиция қызметкерлері ажыратып алды.
БАҚ-та тараған мәліметтерге қарағанда, екі команда арасындағы ойын нәтижесі 2:2 есебімен аяқталған. Ойын соңында ойыншылар секілді жанкүйерлер де төрешілердің жұмысына наразылық білдірген.
"Әрине нәтижеге біздің көңіліміз толмайды, бірақ ойыншыларға ешқандай сын жоқ. Біз олардың атқарған жұмысы үшін үлкен рахмет айтамыз. Бірақ төрешілер тобының бүгінгі жұмысы біздің жігіттерді, біздің клубты және біз үшін қазақстандық футболды мазақ ету деп санаймыз. Бұлай болмайды! Артық айтсам айып етпеңіздер, бірақ менің айтарым осы", - деді "Ақжайық" командасының бапкері ойын соңынан кейін.