Халықаралық дода 21 – 31 қазан аралығында өтеді.
ERNUR.KZ. Павлодарда «Pavlodar Open» халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр, деп жазады inform.kz.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Pavlodar Open» - 2023» Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Нидерланд, Австралия, Үндістан, Израиль, Әзербайжан, Тәжікстан және Бангладештен келген 230 қатысушының басын қосты. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі 64 спортшы мен гроссмейстер бар.
Халықаралық дода 21 – 31 қазан аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры – 23 млн теңге. Ұйымдастырушылар қатысушыларға жасы және жынысы бойынша шектеу қойған жоқ. Сондықтан үстел басында ересектер мен балалар кездесуі мүмкін. Дегенмен, ойыншылардың деңгейіне қарай турнир екі секцияға бөлінген.