Әлемнің ең танымал теннисшілерінің бірі турнирден шеттетілді

0
521

Ол жұптық сайыс кезінде төрешіні ракеткамен ұрып жіберді.


Әлемнің ең танымал теннисшілерінің бірі турнирден шеттетілді

ERNUR.KZ. Неміс теннисшісі Александр Зверев Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан турнирден шеттетілді, деп жазады vesti.kz.

Жұптық сында Зверев пен бразилиялық Марсело Мело ұлыбританиялық Ллойд Гласспул мен фин Харри Хелиоваареден 2:6, 6:4, 6:10 есебімен жеңілді. Осы ойыннан кейін Зверев төбешікте отырған төрешіге барып, оны ракеткамен бірнеше рет ұрып кетті.


"Жұптық сындағы ойын аяқталғаннан кейін спортшыға тән әрекет көрсетпегені үшін Зверев Акапулькадағы турнирден шеттетілді", - делінген Кәсіпқой теннис ассоциациясы таратқан ақпаратта.

Зверев бұл турнирде жекелей сынның екінші айналымына өткен болатын. Онда ол неміс отандасы Петер Гоевчикпен ойнау керек еді.