Жарыс қорытындысы бойынша финалға алты қазақстандық: Илияс Сүлейменов, Бекдәулет Ибрагимов, Асланбек Шымбергенов, Абай Төлеш, Әділбек Ниязымбетов және Антон Пинчук шықты.
Варшавада (Польша) бокстан Феликс Штамм-2018 турнирінің барлық салмақ санаты бойынша жартылай финалдық бәсекесі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша финалға алты қазақстандық: Илияс Сүлейменов, Бекдәулет Ибрагимов, Асланбек Шымбергенов, Абай Төлеш, Әділбек Ниязымбетов және Антон Пинчук шықты.
Жартылай финалдық айқастың қорытындысы:
56 кг. Илияс Сүлейменов (Қазақстан) - Дюк Рэган (АҚШ) - Сүлейменов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
64 кг. Бекдәулет Ибрагимов (Қазақстан) - Ганбаатар Баярхуу (Моңғолия) - Ибрагимов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
69 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Магомед Щачидов (Германия) -Шымбергенов төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті.
75 кг. Абай Төлеш (Қазақстан) - Хавьер Мартинес (АҚШ) - Төлеш те төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті
81 кг. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) - Шон Хемфилл (АҚШ) - Ниязымбетов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
91 кг. Антон Пинчук (Қазақстан) - Юрий Гавел (Чехия) -Пинчук төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті.
+91 кг. Айболды Дәуренұлы (Қазақстан) - Магомед Омаров (Ресей) -Омаров төрешілердің жеке шешімдерімен жеңіске жетті. Ақпарат көзі: prosports.kz
дереккөз: 24.kz