"Астана" бесінші мәрте Қазақстан суперкубогін жеңіп алды

0
641

Турнирдің финалдық ойыны 1:0 есебімен елордалық клубтың жеңісімен аяқталды.


ERNUR.KZ. Елордалық футболшылар Суперкубоктің ақтық матчінде қызылордалық қарсыластарын жеңіп, чемпионаттың көшбасшысы атанды. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Турнирдің финалдық ойыны өткір сәттерсіз басталды. Алғашқы қауіпті шабуыл төреші ысқырығынан жиырма минуттан соң орын алды. Алайда, Пиерос Сотириу қақпаға дәл тигізе алмады.

Бұл шабуылдан кейін елордалық футболшылар барынша белсенділік танытқанымен, бәрібір гол соға алмады. Нәтижесінде, кездесудегі бірінші және жалғыз гол тек 40 минутта салынды.

Ойынның екінші жартысы голдарсз өткенімен, қауіпті сәттерге толы болды. Матч 1:0 есебімен елордалық клубтың жеңісімен аяқталды.

"Астана" осымен Қазақстан Суперкубогін бесінші мәрте жеңіп отыр.