Атақты теннисші Ярослава Шведова спорттық мансабымен қош айтыспақшы

0
918

Шведова - 2010 жылғы Англия мен АҚШ-тың ашық чемпионаттарының, сонымен қатар WTA турнирлерінің жеңімпазы.


Атақты теннисші Ярослава Шведова спорттық мансабымен қош айтыспақшы

ERNUR.KZ. Қазақстанның атақты теннисшісі Ярослава Шведова мансабын қазан айының басында аяқтауды жоспарлап отыр, деп жазады zakon.kz.

Қазірдің өзінде әлемдік ақпарат құралдары қазақстандық спортшының кәсіби деңгейдегі мансабының аяқталуы туралы хабар таратуда.

"Ярослава Шведованың мансабына ресми түрде әлі нүкте қойылған жоқ. Ол Астана WTA 250 турнирінен кейін ғана теннистен кетпекші. Турнир 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді", деп хабарлайды ҚТФ өкілдері.

Ярославаның қазақстандық жанкүйерлері оның соңғы ойынынан ләззат алып үлгереді деген үміттеміз.

Шведова - 2010 жылғы Англия мен АҚШ-тың ашық чемпионаттарының, сонымен қатар WTA турнирлерінің жеңімпазы.