Азамат Даулетбеков Zagreb Open турнирінің күміс жүлдегері атанды

0
588

Дәулетбеков былтыр Белградта өткен əлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып, осы салмақта Қазақстанға Париж Олимпиадасының жолдамасын алып берген болатын.


Азамат Даулетбеков Zagreb Open турнирінің күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Еркін күрестен Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дəулетбеков (86 кг) Хорватия астанасында басталған рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп жазады vesti.kz.

Қазақ балуаны бәсекедегі алғашқы белдесуінде Үндістан мықтысы, 2019 жылғы əлем чемпионатының күміс жүлдегері Дипак Пунияны (6-2) ұтқан. Одан кейін Валентин Бабий (Украина) мен Евсем Швелидзені (Грузия) таза тізе бүктіріп, алтын үшін таласуға мүмкіндік алды.

Азаматтан бөлек, биылғы алғашқы рейтингтік бəсекеде Қазақстан атынан Ирина Казюлина (65 кг), Елена Шалыгина (68 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) күш сынасады.

Азамат финалда бұрынғы ресейлік спортшы Магомед Рамазановқа (Болгария) жол берді. Есеп: 5-8. Бұл салмақтағы қола жүлделер Евсем Швелидзе мен Шэйн Марстеллерге (АҚШ) бұйырды.

Дәулетбеков былтыр Белградта өткен əлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып, осы салмақта Қазақстанға Париж Олимпиадасының жолдамасын алып берген болатын.