Азиада: Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстаннан басым түсті

0
489

Қазақстандық гандболшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан.


Азиада: Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстаннан басым түсті

ERNUR.KZ. Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші кездесуінде Өзбекстаннан басым түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстандық гандболшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан.

Екінші кездесуінде ел құрамасы Өзбекстанды 37:33 есебімен тізе бүктірді.

Еске салса, алғашқы ойынында олар Таиландтан 44:20 есебімен басым түскен еді.

Енді қазақстандық гандболшылар 30 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.

Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар жарыстың келесі сатысына шығып, жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2006 жылдары Азия ойындарында чемпион атанды.

Ал еліміздің ерлер құрамасы С тобында Бахрейннен 22:45 есебімен жеңіліп, Өзбекстаннан 31:27 есебімен басым түсті.