Бақтияр Артаев Бокс федерациясындағы қызметінен кетті

0
1 129

Бұл мәліметті спортшының өзі растады.


Бақтияр Артаев Бокс федерациясындағы қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Белгілі боксшы, Афина Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев ҚР Бокс федерациясының вице-президенттігінен және мемлекеттік жаттықтырушы қызметінен кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл мәліметті спортшының өзі растады.

«Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын. Бірақ себебі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», - деп қысқа қайырды спорт менеджері.

Бақтияр Артаев 1983 жылы 14 наурызда Тараз қаласында туған. Бокспен 10 жасынан бастап айналысты.

2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік Олег Саитовты жеңді.

Ал финалда Артаев Кубаның екі дүркін әлем чемпионы Лоренцо Арагоннан басым болып, «алтыннан» алқа тақты.

«Барыс» орденімен марапатталған.

Соңғы бір жарым жыл Қазақстан бокс құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.