Бақыт Сәрсекбаев әлем біріншілігіндегі бапкерлер жұмысын ұнатпады

0
660

Әлем чемпионатында жарысты жалғастырып жатқан бес отандасымыз қалды.


Бақыт Сәрсекбаев әлем біріншілігіндегі бапкерлер жұмысын ұнатпады

ERNUR.KZ. Бокстан Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігі жайлы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Әлем чемпионатында жұмыс істеп жатқан төрешілердің жұмысы ұнамады. Токио Олимпиадасымен салыстырғанда Сербиядағы әділ-қазылардың жұмысына көңілім толмады. Шымбергенов әлем чемпионы болады деп ойлағам. Біздің жігіттерге физикалық дайындық жетіспейді. Өкінішке қарай бұған көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ. Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан барлық жігіттерге сәттілік тілеймін. Шынымды айтсам, жекпе-жектерді қарап отырып боксшылардан ләззат алмадым. Кәсібилік жоқ. Ашық жарқын әдемі бокс көрсету керек. Нокдаун мен нокауттар көрсету керек. Олимпиада ойындарынан кейін мықты боксшылар әлем чемпионаттарында жақсы жұдырықтаспайды. Қайрат Сәтжановта Париж Олимпиадасына дейін 2,5 жыл уақыт бар. Әлем чемпионатына Қазақстан чемпионы болмағандарды алып барды. Қазақстан чемпионы атанғандар әлем біріншілігіне не себепті бармағанын түсінбеймін. Қазірден бастап мықты команда жасақтау керек. Бақтияр Артаев кәсіпқой бокста жүрген жігіттерді тарту керек деген болатын. Артаевтың болжамы келмеді. Себебі Бек Нұрмағамбеттың Сербиядағы нәтижесінен көруге болады. Әуесқой бокс – спринт. Кәсіпқой бокс – марафон", - дейді Олимпиада чемпионы.

Еске салайық, әлем чемпионатында жарысты жалғастырып жатқан бес отандасымыз қалды. Олар 48 келіде Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов, 54 келіге дейінгілер арасында Махмұд Сабырхан, 57 келі салмақта Серік Теміржанов және 67 келіде сынға түсіп жатқан капитан Абылайхан Жүсіпов.