Билли Джин Кинг Кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі

0
566

Финал қараша айының 13 жұлдызына жоспарланған.


Билли Джин Кинг Кубогіне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі

ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер командасының Билли Джин Кинг Кубогіне қатысатын құрамы жарияланды, деп жазады vesti.kz.

Ярослава Шведова жаттықтыратын Қазақстан командасы мынандай құраммен шығады: Елена Рыбакина (26 орын), Юлий Путинцева (47 орын), Анна Данилина (жұптық жарыста 21 орын) және Жібек Құламбаева (жұптық жарыста 189 орын).

Қазақстан құрамасы С тобындағы алғашқы ойынын турнир қожайыны Ұлыбритания командасына және 9 қарашада Испания теннисшілеріне қарсы өткізеді.

Еске салайық, бұл турнирде Ұлыбритания, Қазақстан, Аустралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Польша, Испания, Словакия, Швейцария және АҚШ командалары 4 топқа бөлініп, жүлделі орындарды сарапқа салады. Топта көш бастаған ұжым жартылай финалға жолдама алады.

Финал қараша айының 13 жұлдызына жоспарланған.