Боксшы жағы сынып кетсе де қарсыласын нокаутқа түсірді

0
577

Уоррингтон IBF белбеуінен былтыр бас тартып, титул оның бұрынғы қарсыласы Кид Галахадқа берілді, ал 36 жастағы Мартинес Галахадты нокаутқа түсіріп, IBF чемпионы атанған.


Боксшы жағы сынып кетсе де қарсыласын нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. Британиялық боксшы Джош Уоррингтон (31-1-1, 8 КО) жартылай жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтара алды, деп жазады Vesti.kz.

Испаниялық Кико Мартинеспен (43-11-3, 30 КО) айқас Англияның Лидс қаласында өтті. Белбеуді алғаш қорғап жатқан Мартинес бірінші раундта-ақ нокдаунға түсті. Осыдан кейін жекпе-жек Уоррингтонның бақылауына өтті.

Жетінші раундта британиялық боксшы испаниялықты тағы бір есеңгіретті, осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. Дегенмен Уоррингтонға бұл кездесу оңайға түскен жоқ. Кейін оның жағы сынып кеткені белгілі болды, алайда, ол алған бетінен қайтпаған.

Айта кетейік, Уоррингтон IBF белбеуінен былтыр бас тартып, титул оның бұрынғы қарсыласы Кид Галахадқа берілді, ал 36 жастағы Мартинес Галахадты нокаутқа түсіріп, IBF чемпионы атанған.