Бокстан АЧ-2022: Тағы үш отандасымыз алғашқы айналымда жеңіске жетті

0
633

48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Санжар Ташкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесті.


Бокстан АЧ-2022: Тағы үш отандасымыз алғашқы айналымда жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Бүгіндері Амманда (Иордания) бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыстың алғашқы айналымында үш қазақстандық жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантты, деп жазады zakon.kz.

48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Санжар Ташкенбай өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесті. Төрешілер берген 5:0 ұпайымен Санжар жеңімпаз деп танылды.

Осылай 19 жастағы жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы осы жарыстағы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы есепті теңестірді. Алдында Санатәлі Төлтаев өзбек боксшысына жол беріп қойған еді.

67 келіге дейінгі 1/8 финалда Дулат Бекбауов түрікменстандық Сапармырат Одаевпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек отандасымыздың пайдасына шешілді. Есеп: 5:0.