Жалпы нәтижеде төрешілер Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірді. Ол осылайша ширек финалға жолдама алды.
ERNUR.KZ. Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы (51 келі) үндістандық Дитакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында Сәкеннің басымдығы байқалып тұрды. Десе де ол кейбір сәттерде қарсыласының соққысын жіберіп алды.
Жалпы нәтижеде төрешілер Сәкеннің жеңісіне қолдау білдірді. Ол осылайша ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен жеңіп, жарыстың аталған сатысына шықты.
Одан кейін Абылайхан Жүсіпов ширек финал жолдамасын иеленді.
Ал Нұрқанат Райыс (75 келі) ауғанстандық Сулиман Асламиді тізе бүктірді.
Сондай-ақ, бүгін Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) сайысқа түседі.