Бублик пен Жукаев ATP 500 Astana Open турнирінің жұптық сайысындағы жарысын аяқтады

0
442

Бейбіт Жукаевпен дуэт құрған жерлесіміз ширек финалға шыға алмады.


Бублик пен Жукаев ATP 500 Astana Open турнирінің жұптық сайысындағы жарысын аяқтады

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 500 Astana Open турнирінің жұптық сайысындағы бәсекесін аяқтады, деп жазады vesti.kz.

Бейбіт Жукаевпен дуэт құрған жерлесіміз ширек финалға шыға алмады.

Жукаев пен Бублик турнирді 1/8 финалынан бастаған еді. Олар италиялық Фабио Фоньини мен Симоне Болелли жұбына қарсы матчта 6:4, 6:2 есебімен есе жіберді.

Еске салайық, Александр Бублик осыған дейін елордадағы жарыстың жекелей сынында екінші айналымға жолдама алды.