Бүкіләлемдік серфинг ойындары 2021 жылға ауыстырылды

0
651

Серфинг Токио Олимпиадасының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп тұр.


Бүкіләлемдік серфинг ойындары 2021 жылға ауыстырылды

ERNUR.KZ. Халықаралық серфинг федерациясы (ISA) биыл өтуі тиіс Бүкіләлемдік серфинг ойындарын 2021 жылға ауыстырды, деп жазады 24.kz.

Бұл турнир келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасына іріктеу кезеңі болып саналады. Сальвадордағы Эль-Сунсаль және Ла Боканада өткізілетін жарыс биылғы мамыр айында жоспарланған болатын.

Алайда коронавирус індетіне байланысты халықаралық федерация турнирді кейінге шегерді. Енді аталған бәсеке 2021 жылдың 8-16 мамыры аралығында ұйымдастырылады.

Айта кетелік, серфинг Токио Олимпиадасының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп тұр. Ал бүкіләлемдік серфинг ойындарында жеті жолдама сарапқа салынады.