Дикий Арманның боксшыларға ақша таратқанына қатысты минситрлік мәлімдеме жасады

0
490

Жүлдесіз қалған боксшылар екі мың доллардан алыпты-мыс. Видео Желіде таралып, талықға түсті.


Дикий Арманның боксшыларға ақша таратқанына қатысты минситрлік мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің Белградтағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға ақша таратқан видеоға қатысты ҚР мәдениет және спорт министрлігі пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Жүлдесіз қалған боксшылар екі мың доллардан алыпты-мыс. Видео Желіде таралып, талықға түсті.

"Спортшылардың дайындығы, жетекшілігі және бокстан Қазақстан делегациясын Белградта алып жүру мен коммуникациясына Қазақстан бокс федерациясы жауапты.

Құрамадағы жеке боксшыларға ақша беру ол азаматтың өз бастамасы, ол федерацияның да, министрліктің де ресми өкілі емес.

Сербияда Қазақстан бокс федерациясының жетекшілігі мен бапкерлер құрамы бар, министрлік осы дерек бойынша түсінік алу үшін ресми сұраныс жолдады", - делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.