Екі нокдаун мен нокаут: Садриддин Ахмедов 90 секундта жеңіске жетті

0
920

Ол Тетфор Миндегі (Канада) бокс кеші аясында өнер көрсетті.


Екі нокдаун мен нокаут: Садриддин Ахмедов 90 секундта жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) кәсіби мансабында тоғызыншы жекпе-жегін өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол Тетфор Миндегі (Канада) бокс кеші аясында өнер көрсетті. 21 жастағы қазақстандық нокаутшы рингте мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3-1, 11 КО) кездесіп, оны техникалық нокаутпен 90 секундта жеңді. Оның алдында қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Бұл Ахмедовтің кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісі, соның ішінде сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Кота мансабында төртінші рет жеңілді.

Еске салайық, Садриддин Ахмедов әуесқой бокста жастар арасындағы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Кәсіпқой бокста екі титул - бірінші орта салмақтағы WBC «жастар» белбеуін және осы дивизионда WBC Asia белбеуін иеленді.