Елена Рыбакина - теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі.
ERNUR.KZ. Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио ойындарының үшінші кезеңіне өтті, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық теннисші швециялық Ребекка Петерсонмен кездесіп 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, Елена Рыбакина - теннистен Қазақстан әйелдер командасының Токио Олимпиадасында қалған жалғыз өкілі. Бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарысты жалғастырудан бас тартқан болатын.