Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің он екінші ракеткасы атанды

0
665

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды.


Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің он екінші ракеткасы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ресми түрде 12 орынға көтерілді, деп жазады Vesti.kz.

Бүгін, 16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды.

Осыған дейін 13 орында тұрған отандасымыз америкалық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озды.

11 орынға 2968 ұпайы бар ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен ең үздік ондықты түйіндеп тұр.

Қазақстан теннисінің тарихында бұрын-соңды ешқандай спортшы 12 дейін көтерілмеген.

Қазақстан намысын қорғайтын тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева рейтингте бір саты жоғарылады. Қазір Путинцева 1400 ұпаймен 42 орында. Сонымен қатар, төрт саты жоғарылаған Зарина Дияс 732 баллмен 104 орынға шықты.