Цуренконың бұл ойынға неге шықпағаны белгісіз.
ERNUR.KZ. Украиналық теннисші Леся Цуренко Портороже (Словения) қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакинамен ойнаудан бас тартты, деп жазады vesti.kz.
Цуренконың бұл ойынға неге шықпағаны белгісіз. Осылайша Рыбакина турнирдің жартылай финалына шықты.
Жартылай финалда "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы Ана Богдан (Румыния) - Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) арасындағы кездесудің үздігімен кездеседі.