Бұған дейін Ерасыл 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.
ERNUR.KZ. 19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп жазады baq.kz.
Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков 81 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Қызылорда спортының түлегі қоссайыс қорытындысы бойынша 344 келіні (154+190) бағындырды.
Айта кетелік, бұған дейін Ерасыл 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.