Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Севильямен» тең ойнады

0
457

Екі команда өз тарихында бір-бірімен тұңғыш мәрте кездесіп отыр.


Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Севильямен» тең ойнады

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Еуропа лигасы ширек финалындағы алғашқы ойындар өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жарыстың аталған сатысындағы негізгі ойынның бірі «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Севилья» (Испания) командалары арасында болды.

Ойын барысында англиялық клуб жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Марсель Забитцер 14, 21-минутта қос гол соқты.

Екінші кезеңде де командалар есепті өзгертуге тырысты. Дегенмен көп сәтте қателікке бой алдырып жатты.

Оған испаниялық клуб сапынан Хесус Навас 84-минутта гол соқса,, 94-минутта манчестерлік Гарри Магуайр автогол авторы атанды.

Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Екі команда өз тарихында бір-бірімен тұңғыш мәрте кездесіп отыр. Олардың бұдан бұрын жолы еурокубок ойындарында түйісіп көрмеген.

Аталған турдағы ойын нәтижелері:

«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Севилья» (Испания) 2:2

«Ювентус» (Италия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:0

«Байер» (Германия) - «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) 1:1

«Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Рома» (Италия) 1:0

Қарымта кездесулер 20 сәуірге белгіленген.

Финал 31 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді.