Биыл ел чемпионатына 7 команда қатысып, бас жүлде үшін жасыл алаңға шықты.
Футболдан ардагерлер арасында Алматыда өткен XXVII – Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Биыл ел чемпионатына 7 команда қатысып, бас жүлде үшін жасыл алаңға шықты. 3 – орын үшін өткен матчта Шымкенттің «Шымкент ЛМФЛ» командасы мен Павлодардың «Ертіс» ұжымдары кіл мықтыны анықтады. Ойын басынан қсо команданың футболшыларында есепті ашу мүмкіндігі болды.
Бірақ, бірінші таймның соңында павлодарлықтар шабуылын сәтті аяқтап есепті ашты. Үзілістен соң шымкенттіктер намысқа тырысып, жылдам шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ, айтулы кездесуде оларға гол соғу бақыты бұйырмады.
Осылайша тартысты өткен ойында Павлодар командасы жеңіске жетіп, 3 – орынды иеленді. Ал, финалда Алматының қос командасы «Райымбек» пен «Алматы» кездесті. Мұнда «Райымбек» футболшылары 4:0 есебімен жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атынды. Ойындар аяқталғаннан соң жүлдегер командаларға кубок табысталды.