Ганалық қорғаушы Қазақстан чемпионатына қайта келді

0
486

​Өткен аптада Мавутор қарағандылық команда сапына ауысқысы келмейді деген ақпарат шыққан болатын.


Ганалық қорғаушы Қазақстан чемпионатына қайта келді

ERNUR.KZ. Ганалық қорғаушы Дэвид Мавутор қарағандылық "Шахтер" командасы сапына ауысады, деп жазады kaz.vesti.kz.

Өткен аптада Мавутор қарағандылық команда сапына ауысқысы келмейді деген ақпарат шыққан болатын. Себебі ол тбилисилік "Динамо" клубынан жақсырақ ұсыныс алған.

Бірақ "кеншілердің" басшылығы қорғаушыны ауысуға көндіріпті. Енді жуық арада Тәжікстан елінің де азаматтығы бар Мавутор "Шахтер" сапына қосылады.

Қазақстан чемпионатында қорғаушы 2018-2020 жылдар аралығында "Жетісу" сапында ойнады. Содан соң краковтік "Висла" сапында қазақстандық Георгий Жуковпен бірген ойнады. Бірақ Давид бұл команда сапында негізгі құрамға іліге алмады.