Гендерлік жанжалға тап болған тағы бір Тайвань боксшысы Лин Юй-Тин Олимпиада чемпионы атанды, деп жазады Stan.kz.
57 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде Юй-Тин польшалық Юлия Шереметаны ұтты. Юй-Тин финалға дейін бірде-бір раундта жеңіліс таппады. Ал оның қарсыластары наразылық белгісі ретінде Х белгісін көрсетті.
БАҚ алжирлік боксшы Иман Хелиф пен тайвандық Юй-Тинді трансгендер деп атады. Бұл мәлімдемені Халықаралық Олимпиада комитеті жоққа шығарды.
Бұған дейін боксшы Лин Юй-Тиннің гендерлік дау салдарынан финалға шыққаны хабарланған еді.
Гендерлік жанжалдың ортасында қалған алжирлік боксшы Иман Хелиф 2024 жылы Олимпиадада алтын жеңіп алды.
Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын, өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.
Хелифтің Олимпиадаға қатысуының өзі сан алуан пікір туындатты, өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді.