​Головкин - титулсыз-ақ әлемдегі ең үздік боксшы

0
1 516

Белбеулердің бар-жоғы Головкиннің бокс әлеміндегі абыройына еш әсер ете алмайды.


​Головкин - титулсыз-ақ әлемдегі ең үздік боксшы

фото newtimes.kz

Белбеулердің бар-жоғы Головкиннің бокс әлеміндегі абыройына еш әсер ете алмайды. Мұндай пікірді WBA/WBC/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің мүддесін қорғайтын промоутер Том Леффлер білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sport.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын IBF Геннадийден өз титулын қайтарып алған болатын. Себебі, қазақстандық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жекте титулды қорғаудан бас тартқан еді. Том Леффлер болашақта Головкин өзіне аталған белбеуді қайтарып алуы мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Барлығының көңілінен шыға алмайсың. IBF өз міндеттерін, WBC өз міндеттерін алға тартып отыр. IBF-тің өз ережелері бар, оған не істей аламыз? Біз осы жағдайды реттемек болдық, бірақ Геннадийден титулды алу туралы шешімді ешкім күткен жоқ. Головкин - тәкаппар чемпион, оның әлемдегі орта салмақтағы ең үздік боксшы екенін титулсыз-ақ бәрі біледі. Ол барлық белбеуді біріктіруді армандайтын, бірақ IBF оны титулынан айырды. Болашақта оны қайтара аламыз ба, оны көре жатармыз. Бірақ, әзірге ол рингтегі титулын жоғалтпайды. GGG-дің орта салмақтағы үздік чемпион екенін барлығы біледі», - деді промоутер Boxingchannel.tv-мен әңгіме барысында.