Гран-при: Сәдуақасова Әбдімәліктен жеңіліп қалды

0
735

Гран-Приге жалпы саны 12 шахматшы қатысып жатыр.


Гран-при: Сәдуақасова Әбдімәліктен жеңіліп қалды

ERNUR.KZ. Гибралтарда шахматшы әйелдер арасында Гран-придің төртінші кезеңі өтіп жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл жарысқа Қазақстан атынан танымал екі шахматшы қатысуда: Жансая Әбдімәлік және Динара Сәдуақасова.

Жарыстың ІІ туры өтті, әзірге Жансая Әбдімәлік екі кездесуде де қарсыласынан басым түсіп, турнирде үздіктердің қатарында келе жатыр. Ол алдымен өзінің отандасы Динара Сәдуақасованы жеңсе, екінші кездесуде неміс шахматшысы Элизабет Петцтен басым түсті.

Ал, Динара Сәдуақасова әзірге бірде бір кездесуде жеңіске жеткен жоқ. Ол алдымен Жансая Әбдімәліктен, одан кейін украин шахматшысы Мария Музычуктен жеңілді.

Гран-Приге жалпы саны 12 шахматшы қатысып жатыр. Турнир 2 маусымға дейін жалғасады.