"Қайрат" ЧЛ бірінші кездесуінде бельгиялық команданы жеңе алмады

0
413

Бельгияда өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды.


ERNUR.KZ. Алматық "Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің алғашқы кездесуінде бельгиялық "Халле-Гооик" командасымен тең түсті, деп жазады vesti.kz.

Бельгияда өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның бесінші минутында алаң қожайындары сапынан Франко Еловчич есепті ашты. "Қайрат" 17 минутта есеп теңестірді. Голдың авторы - Кайо Руиз.

Екінші таймның 23 минутында Фиого соққан голдың арқасында "Халле-Гооик" есепте алға шыққан еді. 38 минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестіріп, ойынға нүкте қойды.

Енді келесі турда "Қайрат" командасы Испанияның "Пальмо" ұжымына қарсы өткізеді.