Каратэден Токио Олимпиадасына шымкенттік үш спортшы қатысады

0
700

Жалпы Токио Олимпиадасына Шымкенттен 10 спортшы жолдама алды.


Каратэден Токио Олимпиадасына шымкенттік үш спортшы қатысады

Каратэден жазғы олимпиадаға шымкенттік үш спортшы қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Спорт тарихындағы елеулі жаңалық – каратэ спорт түрі ретінде алғаш рет олимпиада ойындарына енді. Осы орайда Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға каратэдан алғашқы болып шымкенттік үш спортшы қатысады.

Бұл туралы Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Шымкенттік каратэшілердің ішінен Дархан Асадилов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева әлемдік рейтингте үздік спортшылар деп танылып, Олимпиада лицензиясын иеленді.

Аталған спортшылардың бірі Дархан Асадилов он бір Премьер-лигаға қатысып, олардың сегізінде жеңіске жетті. Ал Данияр Юлдашев, Софья Берульцева Д-3 біліктілігіндегі халықаралық рейтингке сәйкес Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші деп танылды.
Айта кетейік, жалпы Токио Олимпиадасына Шымкенттен 10 спортшы жолдама алды. Оның иегерлері: Стенд атудан - Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя, Оқ атудан - Юрий Юрков, Бокстан - Закир Сафиуллин, Каратэдан - Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева. Байдаркада есуден - Сергей және Тимофей Емельяновтар және Көркем гимнастикадан - Алина Әділханова.
Сондай-ақ Олимпиадалық рейтинг бойынша Токио Олимпиадасына маусым айының соңына дейін спортшылар лицензия алуға бақ сынасады.