Қазақ тоғызқұмалақшылары Монғолиядан жүлдемен оралды

0
1 086

Тоғызқұмалақтың рапид /20 минуттық ойын/ түрінен үшінші орынды иеленді.


Қазақ тоғызқұмалақшылары Монғолиядан жүлдемен оралды

Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан ересектер арасында өткен Азия чемпионатына Бәйдібек ауданынан қатысқан Бейбарыс Батырбек жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

- Чемпионат Монғолияның Баян-өлгий аймағында өтті. Бұл додада бақ сынасқан Бейбарыс тоғызқұмалақтың рапид /20 минуттық ойын/ түрінен үшінші орынды иеленді, - дейді жас спортшының жаттықтырушысы Қалабай Қасқатаев.

Аудандағы №1 спорт мектебінің оқушысы Бейбарыс Батырбек чемпионаттың арнайы дипломы мен қаржылай жүлдесін алып қайтты.