Футбол тобының ойыншыларына жалақы кешіктірілмей уақытысында төленеді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық "Ертіс" футбол тобының жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро отандық футболшылардың жалақысы жайлы айтып берді, деп жазады Stan.kz.
Шетелдік спортшының айтуынша, Қазақстан бай мемлекеттердің бірі екен. Сол себепті жергілікті футболшылар басқа жаққа кетпейтін көрінеді.
"Қазақстандағы ең танымал әрі беделді құрамаларда ойнайтын футболшыларға айына 60-70 мың еуроға дейін төленеді. Бұған қоса әр кезде ерілетін сыйақысы тағы бар. Олар өз елдерінің жұлдыздар, сол себепті басқа елге кеткілері жоқ. Қазақстандық топтар шетелдік спортшыларды өздеріне тартуда", - деді Манзорро.
Айтуынша, павлодарлық футбол тобының ойыншыларына жалақы кешіктірілмей уақытысында төленеді екен. Бқған қоса олар жақсы-жақсы сыйақы да алады.
"Алдағы уақытта келісімшартымды ұзартатын боламын. Маған бұл қалада тұрған ұнайды. Өткен жылғы топтың әрбір ойындарына қатыстым деп айта аламын. Мұнда тұрудың маған еш зияны тиіп жатқан жоқ", - деп қосты футболшы.
Манзорроның сөзінше, Павлодар тұруға ыңғайлы әрі қауіпсіз қала көрінеді.
"Әрине, кешқұрым қаланың кейбір аймақтарында жүрудің қажеті жоқ. Мұндай жерлер барлық мегаполистерде болады ғой. Тұрғындар өте көңілді, сауық құрғанды ұнатады. Ән шырқағанды жақсы көреді. Мен сыртта жүрсем таныған адамдар келіп, суретке түсіп, қолтаңба сұрап жатады", - деп аяқтады сөзін шетелдік спортшы.