Жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
ERNUR.KZ. Евгений Павлов кәсіпқой бокста сегізінші жеңіске жетті, ал Кинтана өз карьерасындағы сегізінші жеңілісімен бетпе-бет келді, деп жазады zakon.kz.
Жеңіл салмақтағы WBO International чемпионы Евгений Павлов (7-0, 5 КО) Тихуанада (Мексика) рингке жергілікті боксшы Иса Гомес Кинтанамен (11-7, 8 КО) қолғап түйістірді.
Жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Қазақстандық 4 маусымда Миннеаполисте (Миннесота штаты, АҚШ) тағы бір мексикалық Алексис Салидомен (2-3, 1 КО) қолғап түйістіріп, екінші раундта оны да нокаутқа жіберген болатын. Бұл жекпе-жек Павлов үшін АҚШ-тағы дебюті еді.