Турнирді екі қалада - Алматы мен Шымкентте өткізу ұсынылған.
ERNUR.KZ. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ФИФА және УЕФА ұйымдарымен ынтымақтастық туралы айтып берді. Федерация басшысы Қазақстан 19 жасқа дейінгі құрамалар арасында Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім бергенін атап өтті, деп жазады Vesti.kz.
"Әлемдік футболда өзіміздің позициямызды нықтап алуға белсенді күш салып жатырмыз. 2026/27 жылдары 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім бердік. Турнирді екі қалада - Алматы мен Шымкентте өткізу ұсынылды. Бұл өтініш бойынша жауап қыркүйекте беріледі", - дейді Бәрменқұлов.