Әділет Барменқұлов жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президентін сайлады. Бұл қызметке бес үміткер өтініш білдірген, деп жазады Vesti.kz.
"Шахтер" директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Барменқұлов жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жетті.
Дауыс беруге "Қазақстан футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ мүшелері, сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелері делегаттары қатысқан. Дауыс берушілердің жалпы саны - 26 адам.
Барменқұлов 14 дауыс жинап, Берік Қаниевті басып озды (11). Тағы бір дауысты Давид Лория алған.